"6-минут" күнделігінен осы сайт туралы білдім. ММММ... Әңгімені неден бастарымды білмегендіктен, осылай бастап жатырмын =) Жұмыста отырмын. Ауа-райы өте суық. Астана ғой... жаңа жыл жақын... Биыл карантин шынымен шаршатты. Содан болар, келер жылдың әдемі болуын іштей тілеп, ерекше күтіп жүрмін. Биылғы жылға еш өкпем жоқ. Көрмегенді көрсетті, бармаймын-деген Алматымда тұрғызды, адамдарды жоғалтуға да себеп болды... Бірақ, көптен күткен үмітім өзін ақтап, жұмысым тосын сыйлармен қуантты. Шын көңілмен қуаныштымын, бақыттымын! Бұл бір ғажап күй, негізі! Шын айтам)
Жаңа жыл кіре бере, кемелденетін, ақыл тоқтатып, есеюді қажет ететін 25-ке аяқ басамын. Сондықтан болар, қазір кез келген дүниеге, өміріме келіп-кетіп жүрген адамдарға аса мұқият қарап, саралағым келіп тұрады. Айналамды игі жақсылармен қоршап, өзім қатты құрметтейтін, сыйлайтын, ессіз ғашық болған адаммен көңіл қосқым келеді. Оның да маған дәл осындай сезімдері болуы керек) Еще +еркелете алуы маңызды!
Сонымен, мен бұл күнделікті 1 жылда толтырып бітемін -деп ойлаймын. Ол кезде Алла бұйыртқан әр ұсақ-түйек үшін шексіз ризашылық білдіруді әдетке айналдырған, өзін шынымен бақытты сезінетін, ертеңіне зор үмітпен қарап, шексіз энергия көзі болып жүрем. Айналам, жақындарым менің шуағымнан нәр алып, өзімді қуаттандырады. Жұмысымда үлкен белестерге жетуіме де ол үлкен көмегін тигізеді) Үнеми рухани даму үстінде болып, жан жақты танып, көріп жүріп биіктерге шығамын олармен! Негатив пен жамандықтан жағымды энергияның өзі құтқарып алады. Позитивті ойдың өзі мені бақытты етеді. Шексіз бақытты!
А! Ұмытып барамын! Бизнесім әдемі қарқынмен дамыған. Сатып алушыларым өте көп! KERBEZSTORES қазір кәдімгідей бренд! Шүкір! қолымнан келді! СММ мен маркетинг маған өзінің үлкееееен көмегін тигізіп, биіктерге жетелеуде! Тәп-тәуір блогер болып алдым. Дене сымбатым әдемі, дауысымды күшті қылып қойып алдым! Бәрі ғашық! Болашағым жарқын!
Ішкі қарама-қайшылықтардың да бәрін жойдым! Өзіме сенімдімін! Қадамым нық! Ойдағы, бойдағы кемшіліктер де жоқ енді!
өзім өзімнің көңілімнен 100 пайыз шығамын! Шүкір!
"Здравствуйте, Константин Викторович, просим вас..."⚠️⚠️⚠️
"Привет Кон Чен Ый!
Это письмо было отправлено ..." Привет из 2020
"Привіт ЛОХ ЯК ДІЛА ЦЕ Я З МИНУЛОГО І ЗАРАЗ ЧИКА..." sbsbshhseh
"Вы получили это письмо, т.к. написали его сами ..." Я ЛЮБЛЮ ТЕБЯ
О чем вы мечтаете? Каким вы видите себя через год, два... десять лет? Опишите свою жизнь сейчас. Напишите, к чему стремитесь, перечислите свои планы на будущее. Фантазируйте!
Вы можете заказать (помимо email) доставку почтой настоящего бумажного письма. Письмо придёт в аккуратном почтовом конверте через год, пять или десятки лет, когда Вы о нём уже забудете.
Сделайте приятный сюрприз сами себе или своим друзьям!