Өзімізге хат😅
Сәлем, бролар! Бүгін біз Зарёктің келе жатқан туған күні мен Айнураның Алматыға жол жүруіне орай "Батыр Молдағы" "Умма" мейрамханасында жиналып отырмыз. "Умма" бізге өте ұнайды. Дәл қазір бізге десерт әкеліп беріп жатыр. Алуа, Зарёк, Мадин, Жұлдыз—төртеуміз өзімізге хат жазып жатырмыз. Алла жазса, 21 маусым айында отпускамыз басталады. Ал Зарёк жазғы лагерьде вожатая болып жүр. Ол 1шілде күні демалысқа шығады.
Қазіргі мәселелер:
Мадина байынан сұрана алмай, әрең отыр. Қайта-қайта телефонына жалтақтап, қорқып отыр ғой.(Дидар өте-өте қызғаншақ) 🤣
Алла жазса, Жұлдыз күйеуге шыққалы жүр. Жасауын жинап, байға шығуға оқталып жүр🤣.
Алуа қаладан жұмыс тауып, сонда тұрғысы келіп жүр. (Алуа диссертация жазғалы жүр. Давай, бро✊🏻)
(Десерттері долго екен. Әлі әкелмей жатыр🤣).
Зарёк кірпік жапсыру ісімен айналысқысы келіп жүр.(Бизнес вумен боламын дейді😅).
Айнура Алматыға ПМЖ-ға кетті.(Нағыз Алия Молдағұлова/қаһарман дегеніміз ғой🤣).
Ура, десерт келді🤣🍰.
Алла жазса, осы отпускта Астанаға саяхаттап барамыз. Мәәә, тема демаламыз ғой✊🏻🔥.
Осы жыл, жұмысқа алғаш тұрған жылымыз бізге көп нәрсе берді. Ең бастысы, біз бір-бірімізді жолықтырдық! Сосын "Алды бейнет, арты зейнет" деген сөз мықты сөз екен!
Осы ыстық достығымыз ажырамай, күзде шайқап жүріп Жұлдызды байға береміз. Жиі осылай жиналып тұрайық.
Болжы ей, торт уже бітіп жатыр. Мен кеттім🤣😅