Сәлем, Әсем. Қалың қалай? Менде бәрі жақсы. Шынымды айтсам, не дерімді білмеймін. Маған хатты не үшін жазып отырғанымды білген маңызды, ал бір айдан кейін не болуы, не болмауы мүмкін?
Жалпы білесің ғой, менің сені қаншалықты қатты жақсы көретінімді. Әрдайым есімдесің. Негізі қызық сезім екен, сені күтетін, сені ойлайтын, сені де взаимно жақсы көретін адам болғанын біліп жүрген бір нық сезім береді. Өзіңнің әлемге керек екеніңді сезесің. Оған қоса, әкелік инстинкт па білмеймін, әйтеуір бұл әлемнен алып қана емес, беруді де үйренеді екенсің. Басқа адамға қамқор болғым келеді, ол адам сен екеніңе қатты қуаныштымын.
Эхх солай. Көздерің есіме түсіп кетті ғой. Көздерің өте әдемі, ішінде батып кеткім келеді. Бүгінгі сырғамен түскен суретің күшті шыққан. Ұйқылы-ояу жатып көргенде ерекше қатты тиді маған.
Миллион рет айтамын ғой, бірақ сонда да тағы да рахмет саған. Шынымен. Бақытты болудың не екенін бір рет болсын көрдік қой. Осыған дейін менің ойларымның масштабы тек глобалды проблемалар болатын. Ал қазір шамалы тоқтап, дем шығарып, айналамдағы жақындарға қарайтын стимул пайда болды. Білесің бе, менің саған деген махаббатым мені басқа жақындарымды да қаттырақ сыйлауға, бағалауға әсер етті.
Осы сенің аураңды жақсы көремін. Жылы дауысың мен күлгенің маған жан тыныштығын береді. Әрдайым беретін қолдауың әсер етпейді деп санап жатқан болсаң, олай емес екенін біл. Бір айдан кейін сенің мур мур мур деп жазған дауысхаттарыңды әлі де тыңдап жүретін шығармын)) Әзірше жалықпадым. Жалықпаймын да.
Сен үшін үлкен жауапкершілікті сеземін. Есею деген осы екен ғой.
Осыны жазып отырғанда не істеп отыр екенсің.. Шынымен, не? Оқыған кезіңде маған жазып жібер, жарай ма?
Тағы не десем болады екен? Жалпы қазір не істеп жатсаң да сәттілік тілеймін. Қойған мақсаттарыңның орындалуы бұйырсын. Отбасың аман болсын, өзің де аман бол, көңілің түспесін, ешқашан мұңайма. Денсаулығың әрдайым мықты болсын. Сен ауырсаң мен де сезгендей боламын сол ауруды. Махаббат махаббат деп жүріп достарыңды да ұмытпашы. Достық керек, мен ғана болсам аз болады ғой сен сияқты көңілі кең қызға. Маңдайыңнан сүйдім.
О чем вы мечтаете? Каким вы видите себя через год, два... десять лет? Опишите свою жизнь сейчас. Напишите, к чему стремитесь, перечислите свои планы на будущее. Фантазируйте!
Вы можете заказать (помимо email) доставку почтой настоящего бумажного письма. Письмо придёт в аккуратном почтовом конверте через год, пять или десятки лет, когда Вы о нём уже забудете.
Сделайте приятный сюрприз сами себе или своим друзьям!