Сәлем,болашақ мен!

Сәлем, болашақ мен!

Бүгін 08.08.2024 - ерекше дата деп жатыр. Мен де бір жылдан кейінгі саған хат жазайын деп шештім.

Дәл қазіргі сәтте көп нәрсе біз ойлағандай болмай жатыр. Мен бірақ бәрі уақытша екеніне сенімдімін. Алланың қалауымен барлығы біз ойлағаннан да күшті болады.

Мен өзім үшін хайырлы, адал жар тапқаныма сенімдімін. Ол жан дәл өзім ойлағандай, өзімнің қалауымдағыдай жігіт. Тіпті біздің таныстық та ерекше қызық басталды. Құдды кино дерсің. Ал біздің махаббат сол кино секілді бақытты, ертегідегідей сәттермен жалғасып жатыр.

Мен оны өте үлкен сенімділікпен, шынайы ықыласпен ата-анама таныстыра алдым. Себебі оның көзіндегі маған деген махаббаты байқамау мүмкін емес. Біздің құрған шаңырағымыз биік, керегесі кең болатынына кәміл сенімім мол.

Ал жұмыста менде бәрі жақсы. Ешқандай интригасыз, қылтың-сылтыңсыз жүріп жатыр. Бастысы айлығымыз тағы да көтерілді, одан бөлек қосымша сыйақылар да жиі болып тұрады.

Сіңілім Назима да өз бетімен әрекет етіп, Алланың қалауымен екі аяғына тұрып, жүгіріп кетті. Қазір еркін сөйлеп, ойындағысын жеткізе алады, бастысы өзінің қатарлас балаларына қосылып кетті.

Сонымен қатар мен ақпан айында “Астана жастары” бағдарламасымен квартира алдым левый берегтен. Әзірге ол үйді жалға беріп жатырмын. Бұйырса тағы ақша жинап үлкендеу үй аламын.

Өзім қалаған салмақ пен фигураға жеттім. Қазір спортты жақсылап қолға алдым, тастамауға тырысамын. Правильное питаниеді де енгізуге тырысудамын.

Жалпы жаңалықтар осы. Ұзату мен тойды аман-есен өткізіп алдық. 1 жыл алдын келесі жылы тұрмысқа шығамын деп бәріне айтқанмен де, іштей сенімсіздік болған еді. Бірақ қазір өзің оқып отырғандай сен де бір әулеттің келінісің. Басыңда баспанаң бар, машинаны да айдап үйрендің, отбасың аманс жұмысың жүріп тұр. Бастысы Аллаға шүкіршілік етуді естен шығарма. Сені осы жолға бұрып, барыңды берген Алла Тағала екенін ұмытпа! Алла шүкір етушілерге арттыра береді!



Письмо
из 2024-08-08 в 2025-08-08

Соседние письма

"Привет!я пишу себе из 09.08.2023 с днём рождени..." Письмо в будущее

"Я сейчас выпила бутылку вина, сегодня 9 августа..." 31.12.2024

"Даришь ему поездку в Испанию, и вы вместе едете..." Ко дню рождения Тимура

"Привет моя дорогая! Прошло 2,5 мес и можно поня..." Алго 7.0

"с днем рождения" с др

"Привет, Ксюш! Как твои дела? Давай я тебе расс..." Письмо от 08.08.2025

О чем вы мечтаете? Каким вы видите себя через год, два... десять лет?
Опишите свою жизнь сейчас. Напишите, к чему стремитесь, перечислите свои планы на будущее. Фантазируйте!



Вы можете заказать (помимо email) доставку почтой настоящего бумажного письма. Письмо придёт в аккуратном почтовом конверте через год, пять или десятки лет, когда Вы о нём уже забудете.

Сделайте приятный сюрприз сами себе или своим друзьям!
Наш сайт поможет переправить Вас одновременно и в прошлое, и в будущее через настоящее.

Загадайте свое желание, напишите его, отправьте в будущее и убедитесь через месяц (год или десятилетия), что желания исполняются!

Приложение Vkontakte
Наша группа
Наш бот ВК