Алтынайға хат

Сәлем,мен саған 27 шілде хат жазып отырмын. 2 жылдың ішінде қаншалықты өміріңде өзгеріс болатынын болжап жазу маған қызық болып тұр. Хатты негативпен бастағым келмейді. Өзіңе рухани азық болатындай,мотивацияға толы,көкірек көзін ашар дүние болса деген едім. Қазір ойланып қарасам, 2 жылда көп нәрсе жасап үлгермейтін сияқтысың. Әлде қазіргі эмоциялық көңіл-күйіммен солай ойлап отырған болармын. Өзіңе осы хат жеткенде қандай әсерде отыратының қызық болып тұр) Әрине сенің бақытты,қуанышты болғаныңды қалаймын. Тағы да осы хатты оқып отырып,өзіңді мақтап отырасың деп ойлаймын. Менің 2жылда ешнәрсеге үлгермейсің, тура осылай зона комфортада отырасың,түк бітірмейсің деген қате ойларымды жоққа шығарсаң екен.Соны қатты қалаймын. Бәрінен бұрын өзіңмен күресу қатты қиындық тудырарын білемін. Осы уақытқа дейін сол нәрсеге өз нәпсіңе жеңіліп келе жатырсың. Мүмкін 2жылдың ішінде өзіңмен жұмыс жасапАлтынай қалаған нағыз өмірді сүріп жүрген шығарсың.Тағы да жай арп әрекетсіз жатқаныңды қаламаймын. Өтініш өзіңмен күресші. Біз қашанғы осылай жүре береміз? Сенің потенциалыңды білемін ғой. Қолыңнан бәрі келеді,қаласаң тау қопара алатындай күшің бар. Жас кезіңде уақытыңды,энергияңды босқа өлтірмеші.
Енді бүгінгі күнімді жазайын…
Мені кешірші осыншама қиындықтар болып жатса да әрекетсіз,мақсатсыз отырғаным үшін. Өзіңнен басқа ешкімге сенбеймін. Тек өзіңе сенемін! Қазіргі өміріңнің бояуларында ешкімге толық айта алмаймын. Тіпті блокнотқа жазуға қорқамын,біреу оқып қояды ма деп…
Мен қазір Жансая әпкенің үйінде жатып жазып отырмын.(Сен өзіңнің үйіңде оқып отырсың деп қатты үміттенемін) Жасым 25те. Өзіме көңілім толмайды. Себебі не үйім,не машинам,не жұмысым,не ақшам,не өз отбасым,не балам,не қадірім жоқ. Басымда тек шексіз қарыздарым бар. Сен қазір ешкімге қарыз емессің деп ойлаймын,тіпті кредит,ипотека,рассрочкаң жоқ шығар. Солай болса өте жақсы,сен өзіңмен жұмыс жасадың деген сөз.
Қазір менің басты мәселем тұрмысқа шығу,өз үйіме бару,ана болу. Ал менің қазір сөйлесіп жүрген адамым ол туралы ойланып асығар емес. (Сен қазір сол адаммен балаңды құшақтап отырып оқып жатырсың деп үміттенемін,және сол үшін дұға етемін) Ол туралы да біраз дерек жазып кетейінші мүмкін олда өзгерген шығар немесе сол керемет қалпында. Ал оның сенің жаныңда отырғанына күмәнім жоқ. Себебі сен онымен мәңгі бірге болуың үшін ол адамнан айрылып қалмаудың қамын қазір мен жасап жатырмын😁 Тура қазір сендерде қызық период болып жатыр. Ол Алматыда сен Астанада. Оның нақты қашан ауысып келетіні белгісіз. Қаншама ара қашықтыққа қарамастан екеуіңнің махаббаттарың жақсы.3 күн бұрын мен Алматыдан келдім. Бірге тауға бардық,бірге қыдырдық. Уақытты бірге өткіздік. Ол қазір маған қатты ұнайды. Бірінші адам ретінде,екінші жігіт ретінде. Оған дейін мен бұндай жігітті жолықтырмаған едім. Оның бойында бір ғана минусы бар. Өзіңің фантазиясынан қызғанып,маған сенбейтіні. Оның бар болмысы,тазалығы,адамдарға отношениесі,маған деген көзқарасы менің басымды айналдырады. Мен оны жақсы көремін. Ессіз емес санаммен ұнатамын. Оның аддекватты адам екені үлкен плюс. Жалпы сол) қазір де сенің жаныңда одан да керемет болып,сені аялап жүр деген ойдамын. Маған қазір көп гүл бермейді( ал мен оның жағдайын көріп жүргеннен кейін өзім ашық сұрауға ұяламын. Мүмкін қазір бермеген гүлдерін саған себепсіз апта сайын беріп жүрген шығар ☺️ Өзі солай деген.Қазір подаркалар беріп апта сайын қуантпасам да үйленгеннен кейін қуанатын боламын деп. Мен сол сөзіне сеніп жүрмін🤭 Егер саған қазірде гүл бермей жүрген болса,сен айтуға ұялып жүрген болсаң,ол туралы ашық ойыңды айтшы. Жігіт шын қаласа,ниеті болса ақша тауып,қуантады. Жалпы ниеттенген болса,Алла оған ақшаны себепсіз -ақ тауып береді. Сол себепті сені қуантудан экономдамай-ақ қойсыншы. Егер олай ашық сөйлесіп қалауыңды айтқаннан кейін де бермей жүрген болса,ойлан. Немесе өзіңе өзің сыйлық жаса! Сен ең әдемі гүл шоқтарына өміріңнің соңына дейін лайықсың!
Басқа жаңалықтарды келесі хатпен жазсам ба,әлде осында жаза берейін бе?



Письмо
из 2025-07-27 в 2028-07-28

Соседние письма

"сейчас 4:06 28.07.25 сижу пью чудо и думаю а чё..." хз ну соо в будующие прочит нах да

"Скажи лучшему другу что бы он сказал всем кого ..." Проверка друзей

"Снова и снова рождаясь среди демонов, о сын Кун..." БГ 16.20

"Привет я из будущего. У меня к тебе куча вопрос..." Привет я из будущего

"Их, исполненных ненависти и злонравных, самых н..." БГ 16.19

"Привет не знаю помнишь ты или нет, но год назад..." Письмо для тебя в будущее

О чем вы мечтаете? Каким вы видите себя через год, два... десять лет?
Опишите свою жизнь сейчас. Напишите, к чему стремитесь, перечислите свои планы на будущее. Фантазируйте!



Вы можете заказать (помимо email) доставку почтой настоящего бумажного письма. Письмо придёт в аккуратном почтовом конверте через год, пять или десятки лет, когда Вы о нём уже забудете.

Сделайте приятный сюрприз сами себе или своим друзьям!
Наш сайт поможет переправить Вас одновременно и в прошлое, и в будущее через настоящее.

Загадайте свое желание, напишите его, отправьте в будущее и убедитесь через месяц (год или десятилетия), что желания исполняются!

Приложение Vkontakte
Наша группа
Наш бот ВК